Menu Close Menu

В.К. РАДОСТОВЕЦТІҢ ҮЛДАРЫ – НАРХОЗ ТҮЛЕКТЕРІ

РАДОСТОВЕЦ Николай Владимирович.

РАДОСТОВЕЦ Николай Владимирович АИНХ Ленин стипендиаты, «Нархоз-73», «Нархоз-74», «Нархоз-75» студенттік құрылыс жасақтарының (ССО) комиссары.
1981 жылдан Қазақ КСР Ғылым академиясының Экономика институтында жұмыс істеді;  Қазақстан Республикасының бірінші Парламентінің кеңесшісі; Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы органының Министрі; Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік даму министрі; Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия өнеркәсібі қауымдастығының және басқа да кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің басшысы.

Монополияға қарсы және бағаны реттеу, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау салаларында ғылыми еңбектері бар. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
 

РАДОСТОВЕЦ Виктор Владимирович.

РАДОСТОВЕЦ Виктор Владимирович. АИНХ үздік студенті, үздік студенттік отрядтың комсомол ұйымдастырушысы, «Нархоз-80», «Нархоз-81» студенттік экскурсовод отрядтарының (СОП) мүшесі.

1985 жылдан Бүкілресейлік ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Шығыс филиалының Қазақ экономикасы және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік аудиті саласында ғылыми еңбектері бар. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі. «Құрмет» орденімен марапатталған.

1998 жылдан бастап профессор В.К. Радостовец құрған қазақстандық алғашқы аудиторлық ұйымдардың бірі – ЖШС «НАК «Центраудит-Қазақстан» - ның тұрақты директоры болып табылады.
 

Бұл сайт экономика ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан атақты қазақ ғалымы, Республиканың еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Владимир Константинович Радостовецке арналған.