Menu Close Menu

В.К. Радостовецтің Өмірі мен қызметінің негізгі күндері

Владимир Константинович Радостовец 1926 жылы 16 мамырда Запорожье облысының Васильевка ауылында (Украина) бухгалтер және бастауыш сынып мұғалімінің отбасында дүниеге келген.
 
1941               Радостовец отбасы Барнаул қаласына көшірілді
1946-1948      67957 әскери бөлімнің наубайхана бухгалтері
1948-1952      Барнаул меланж комбинатының диспетчері, көлік бөлімінің пайдалану бастығы
1952-1953      «Ояну» өнеркәсіптік картелінің аға бухгалтері, Барнаул қаласы
1953                ҚССР ОСБ ОӨК  (Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Орталық статистика басқармасының оқу-өндірістік комбинатың) Қазақ оқу комбинатында бухгалтерлердің 8 айлық курсын бітірген, Алматы қаласы («Өнеркәсіптік кәсіпорынның бухгалтері» біліктілігі берілген)
1953                11 желтоқсанда Бородина Антонина Федоровнамен некеге тұрды
1953-1960      ҚКСР ОСБ ОӨК  (Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық статистика басқармасының оқу-өндірістік комбинатының)  Қазақ республикалық оқу комбинатының бухгалтер-ревизоры, бас бухгалтерінің орынбасары, бас бухгалтері
1955                15 желтоқсанда ұлы Николай дүниеге келді
1955-1957      Бүкілодақтық сырттай экономикалық институтында оқуы (экстерн, үздік диплом), Мәскеу қаласы
1959-1963      Бүкілодақтық сырттай қаржы-экономикалық институтының аспирантурасында оқуы, Мәскеу қаласы
1960               Алма-Ата қаласының есеп-бухгалтерлік мектебінің оқытушысы
1961-1963      С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің бухгалтерлік есеп және статистика кафедрасының аға оқытушысы, экономика факультеті деканының орынбасары
1962                26 қазанда ұлы Виктор дүниеге келді
1963                Г.В. Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында диссертация қорғау («ҚКСР өнеркәсібінде бухгалтерлік есеп нысандарын жетілдіру»), экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді
1963-1998      есеп-экономика факультетінің деканы; доцент; бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау кафедрасының меңгерушісі; экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы; Алматы халық шаруашылығы институтының профессоры (1991 жылдан - Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті, 1993 жылдан - Қазақ мемлекеттік басқару академиясы)
1966                Экономикалық ақпаратты механикаландырылған өңдеу» кафедрасы бойынша доцент ғылыми атағында бекітілген
1970                В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен марапатталған.
1971                Мәскеу экономикалық-статистикалық институтында диссертация қорғау («Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында бухгалтерлік есеп мәселелері»), экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді
1971                «Бухгалтерлік есеп» кафедрасы бойынша профессор ғылыми атағында бекітілген
1972                КОКП (Кеңес Одағының Коммунистік партиясының) мүшелігіне қабылданды
1974                ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы есеп пен бақылау жұмыстарының топтамасы үшін ҚКСР ХШЖК (ҚКСР Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесінің) күміс медалімен марапатталды.
1980-1991      «Ауыл шаруашылығы ғылымының хабаршысы» журналы мен «Қаржы және статистика» баспасының редакциялық кеңестерінің мүшесі; ҚКСР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөніндегі әдіснамалық кеңесінің мүшесі; ҚКСР Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің қаржы, кредиттер және бухгалтерлік есеп жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңесінің мүшесі
1980-1998      ҚазКСР Қаржы министрлігі Бақылау-тексеру басқармасының әдіснамалық кеңесінің мүшесі; ҚазКСР Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі кеңесінің мүшесі; ҚР Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп жөніндегі әдіснамалық кеңес төрағасының орынбасары
1984                «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған                
1990                «Экономист» ғылыми-өндірістік бірлестігін» құрды және басқарды
1990-1996      «ҚР-дағы аудиторлық қызмет туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», Қазақстандық бухгалтерлік есептің стандарттарының алғашқы қазақстандық заңдарды әзірлеу жөніндегі ҚР Үкіметінің жұмыс топтарының мүшесі
1995                «ЦентрАудит» компаниясы» ЖШС құрды және басқарды
1996                «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы берілді
1996-1997      ҚР Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының Сараптау кеңесі төрағасының орынбасары
1998                «Центраудит-Қазақстан» тәуелсіз аудиторлық компаниясы "ЖШС құрды және басқарды
 
Владимир Константинович Радостовец 1998 жылы 22 қаңтарда қайтыс болды.
 
 

Бұл сайт экономика ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан атақты қазақ ғалымы, Республиканың еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Владимир Константинович Радостовецке арналған.