Бұл кітап Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, көрнекті ғалым, дарынды педагог Владимир Константинұлы Радостовецке арналған құрмет белгісі.
Оның есімі қазақстандық бухгалтерлік есеп пен аудиттің қалыптасуы және дамуымен тығыз байланысты. Осы салалардың теориясы мен тәжірибесіне арналған жүздеген ғылыми еңбектері тарихи ғана емес, практикалық маңызын да сақтап келеді.
Басылым В.К. Радостовецтің 100 жылдық мерейтойына орай шығарылып отыр және дәуір аясындағы ғалым мен педагогтің жан-жақты бейнесін ұсынады.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
Осы басылымда «Профессор В.К. Радостовец туралы естелік – жүрегімізде...» (Алматы: 2002) және «Владимир Радостовец» («Өнегелі өмір» сериясы, 210-шығарылым, «Қазақ университеті» баспа үйі. – Алматы: 2021) кітаптарының материалдары құқық иесі – «НАК «Центраудит-Казахстан» ЖШС-нің келісімімен және қолдауымен пайдаланылды.
Бұл сайт экономика ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан атақты қазақ ғалымы, Республиканың еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Владимир Константинович Радостовецке арналған.